Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбеттің (14-0, 12 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Баршаңызға Ассалаумағалейкум. Жекпе-жек өтетін күн белгілі болды. 12 шілдеде өтетін жекпе-жекке дайындық жүріп жатыр. Бұл менің он бесінші жекпе-жегім. Сәттілік тілейміз. Алда үлкен жекпе-жек, үлкен мақсаттар күтіп тұр», - деп жазды боксшы Instagram парақшасында.

25 мамырда Нұрмағанбет Калифорния штатының Сан-Диего қаласында өткен бокс кеші аясында гондурастық Карлос Фидель Гуйти Мирандаға (7-2, 3 КО) қарсы жұдырықтасуы керек еді, бірақ Миранданың денсаулығына байланысты жекпе-жек өтпеді.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы мексикалық Сауль «Канело» Альварестің жаттығу залында жаттығып, онымен бірнеше рет спарринг-серіктес болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или