Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл суреттің бір кемшілігі бар! Бұл суретке қосымша екі чемпиондық белбеу жетпей тұр! Құдай қаласа сол олқылықтың орнын толтырамыз! Әзірге дауыл алдындағы тыныштық», - деп жазды боксшы екі чемпиондық белбеуімен түскен суретін жариялап.

Осылайша, спортшы келесі титулды жекпе-жекті күтіп жүргенін меңзеді.

Еске салайық, қазақстандық боксшы кейінгі жекпе-жегін 5 сәуірде Астанада өткізіп, француз Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Айта кетейік, Бұған дейін қазақстандық боксшы бірнеше рет WBC чемпионы Карлос Адамеспен жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтып, белбеулерді біріктіру ниетін білдірген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или