Германиялық боксшылар әлем кубогіне қатысу үшін Астанаға келді

Германиялық боксшылар әлем кубогіне қатысу үшін Астанаға келді

Әлем кубогіне қатысатын Германия елінің былғары қолғап шеберлері Астанаға табан тіреді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Германия сапында 2022 жылғы әлем кубогының чемпионы Салах Ибрахим, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Магомед Шахидов сияқты танымал боксшылар бар, деп жазды ҚБФ баспасөз қызметі.

Олар 29 маусымға дейін әлем кубогі алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Бұған дейін АҚШ, Канада, Әзербайжан, Франция, Швейцария, Финляндия, Швеция, Аустралия және Сербия елдерінің спортшылары Астанаға келген еді.

30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанада бокстан әлем кубогі өтеді.

Айтулы жарысқа 31 мемлекеттен 300-ге жуық боксшы қатысады деп жоспарлануда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или