Бокс. Садриддин Ахмедовтың келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Бокс. Садриддин Ахмедовтың келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 КО) тамыз айында шаршы алаңға қайта шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxrec.com сайтының хабарлауынша, Ахмедов келесі жекпе-жегін 15 тамызда өткізеді. Санта-Йнезде (АҚШ, Калифорния) бокс кешінде өнер көрсетеді. Қазақтың қарсыласы әзірге белгісіз, бірақ жекпе-жек форматы белгілі — бірінші орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланған.

Еске салайық, Садриддин Ахмедов соңғы рет сәуір айында мексикалық боксшы Элиас Эспадаспен (23-7-1, 16 КО) жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте Ахмедов айқын фаворит саналды, бірақ соңында тең есеп тіркелді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или