Садриддин Ахмедовтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегін тамыз айында өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Boxrec ақпараты бойынша, қазақстандық боксшы 27 тамыз күні АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізеді. Қарсыластың есімі әзірге белгісіз.
Садриддин Ахмедов бұған дейін кәсіпқой бокста 16 жекпе-жек өткізіп, оның 15-інде жеңіске жеткен еді. Соңғы жекпе-жегінде мексикалық Элиас Эспадаспен тең түсіп қалды.
Орта салмақта өнер көрсетіп жүрген 27 жастағы боксшы қазіргі уақытта Boxrec рейтингінде 46-шы орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или