Қазақстандық боксшы WBC Grand Prix турнирінің ширек финалына шыға алмады

Қазақстандық боксшы Жолдас Жеңісов WBC Grand Prix турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз аталған турнирдің 1/8 финалында америкалық Трой Нэшпен (4-0, 1KO) кездесті. WBC Grand Prix турниріндегі екінші жекпе-жегінде Жолдасқа (9–0, 4 KO) жеңіс бұйырмады. Алты раунд қорытындысы бойынша америкалық боксшы жеңіске жетті.
Айта кетейік, Трой Нэш турнирдегі бірінші жекпе-жегінде тағы бір отандасымыз Александр Коврыгинді жеңіп кеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или