Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасына жол берді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияда өтіп жатқан Берлин турнирінің ширек финалында беларусьтік Арина Соболенкоға (1-орын) қарсы кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ширек финалда Рыбакина 6:7, 6:3, 6:7 есебімен қарсыласына жол беріп, турнирдегі өнерін мерзімінен бұрын аяқтады. Ал Беларусь теннисшісі жартылай финалға жолдама алды. Онда ол чехиялық Маркета Вондроушовамен (164-орын) кездеседі. Вондроушова ширек финалда тунистік Онс Жаберді (61-орын) 6:4, 6:1 есебімен жеңген болатын.
Теннисшілер арасындағы өзара кездесулердегі есеп Соболенконың пайдасына 7:4 болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или