Бублик ATP 500 турнирінің жартылай финалындағы қарсыласын білді
Бүгін Галледе өтіп жатқан Terra Wortmann Open турнирінде ерлер арасындағы жартылай финалистер анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Төрттіктің соңғы қатысушысы ресейлік Карен Хачанов болды. Теннисші 1/4 финалда Томас Мартин Этчеверриді 6:3, 6:2 есебімен жеңді.
Жартылай финалда Хачанов қазақстанның теннисші Александр Бубликпен кездеседі.
Еске салайық, бұған дейін Бублик әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерді, ал ширек финалда чехиялық Томаш Махачты жеңген еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или