Қазақстандық теннисші Ноттингем турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Ноттингем турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Ноттингем (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елдің жұптық сындағы бірінші, әлемнің 9-ракеткасы саналатын Анна Данилина жапониялық Эна Сибахарамен бірге ширек финалда чехиялық Анастасия Децюк – нидерландылық Бибиана Схофспен жұбымен кездесті.

Бір сағат 26 минутқа созылған бәсекеде Данилина – Сибахара жұбы 2:0 (7:6, 6:3) есебімен жеңіске жетті.

Анна Данилина – Эна Сибахара финалға шығу үшін доданың 1-ракеткалары, Қытай Тайбэйінің өкілі Се Шувэй – қытайлық Чжан Шуай немесе жапониялық Эри Ходзуми – индонезиялық Алдила Сутджиади жұптарының қай жеңгенімен таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или