«Астана» хорватиялық ойыншыны бір миллион еуроға сатып алмақшы

«Сплит» футбол клубының ойыншысы Дражен Багарич мансабын елордалық «Астанада» жалғастыруы мүмкін.

Бұл туралы SlobodnaDalmacija.hr. сайты мәлімдейді.

Хорватиялық клуб пен «Астана» арасында ауызша келісім бар. Қазақстан чемпионы 23-жастағы хорватиялық жартылай қорғаушының трансфері үшін бір миллион еуро қаражат жұмсауға дайын. Дражен Багарич жақын арада елордалық командаға қосылып, қаңтардың 10-ы Дубайдағы оқу-жаттығу жиынына аттанады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетсек, Дражен Багарич биылғы маусымда «Сплит» сапында 19 кездесу өткізіп, жеті гол және бес нәтижелі пастың авторы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или