Қаржылық дағдарыс. ҚПЛ клубтарының бюджеті қысқарды

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының жаңа маусымы бірқатар қазақстандық клубтар үшін қаржылық тұрғыда ауыр болмақ.

Былтырғымен салыстырғанда клубтардың көбі тең жарты бюджеттерінен айырылды. Яғни, жаңа маусым алдында қаржы қорлары қысқартылды. Бұған себеп - еліміздің экономикасындағы ауыр жағдай.

Осылайша, «Ақтөбе», «Қайрат» сынды көшбасшы командалар жаңа маусымнан бастап өзінің қаражаттарын мұқият әрі тиімді пайдалануы қажет. Алматылық клуб тіпті титулды демеушісі «ҚазРосГаз» компаниясынан айырылып қалды. Енді, ел чемпионатының күміс жүлдегері өзіне жаңа демеуші іздеп, Алматы Әкімшілігінен көмек күтуде. Бұны сезген команданың бұрынғы бас бапкері Владимир Вайсс, спорт директоры Патрик Ван Лиувен және команданың бас директоры Малик Кушалиев клубтан кетті. Олардың орнын қос ресейлік маман - бас бапкер Александр Бородюк пен Академияның жаңа директоры Дмитрий Галямин басты. Бұл тандемнен не шығатынын тек алдағы маусым көрсетеді.

«Ақтөбенің» жағдайы да мәз емес. Облыс әкімі ауысуымен жергілікті команда жаңа бағытқа көшті. Енді батысқазақстандық клуб көбінде жергілікті ойыншылардан жасақталатын болады. Сондай-ақ, команданы тәжірибесі аз, «Рубин» қосалқы командасының жаттықтырушысы Юрий Уткульбаев баптайды. Қазірдің өзінде, командадан Данило Сирино, Маркос Пиззели, Андерсон Сантана сияқты ойыншылардың кететіні белгілі. Негізгі қақпашы Стас Покатилов пен команда капитаны Юрий Хижниченконың болашағы белгісіз, қос ойыншыға Құрбан Бердыев жаттықтыратын «Ростов» клубы қызығуда.

«Ертіс» ойыншылары жаздан бері жалақы алмай жүр. Бұл туралы керекулік клубтың капитаны Самат Смақов біздің тілшімізге берген сұхбатында айтты. Ал команда директорының айтуынша, қарыз түгелдей қаңтарда өтеледі. Сондай-ақ, «Ертістің» бапкері Димитар Димитров осыған байланысты өз қызметінен кетуі мүмкін. Демек, бес дүркін ел чемпионын да қаржылық қиыншылық сүзіп өтті.

Есесіне, шымкенттік «Ордабасы» мен «Атыраудың» бюджеті бұрынғы қалпында қалмақшы. Қос ұжымның да жаңа маусымға қойған мақсаттары бір – үздік үштікке іліну. Бахтияр Байсейітов пен Владимир Никитенко бастаған жігіттер жаңа маусымға дайындықтарын Түркия елінде пысықтамақшы.

«Тараз», «Жетісу» мен «Оқжетпестің» де жаңа маусымға бюджеттері шектеулі. Аталмыш командалардың басшылығы жаңа маусымға берілген қаражаттардан команда жасақтап, жақсы нәтиже көрсетуге тырысады.

Қостанайлық «Тобыл» болса бірқатар легионерлерімен қош айтысты. Ал команданы қостанайлық жанкүйерлерге жақсы танымал Дмитрий Огай жаттықтырады. Бұдан не шығатынын көре жатармыз. Бірақ, «Тобыл» қазірден бастап үздік үштікке еніп, келесі жылы еурокубокта ойнауды аңсап жүр. Облыс әкімі кезінде «Ақтөбе» футболын көтергенін ескерсек, онда Қостанай да жақын арада өзінің бұрынғы бабына келеді деген ойдамыз.

Оралдық «Ақжайық» болса тек жергілікті ойыншыларымен ойнайтынын мәлім еткен. Бірінші лиганың жеңімпаздары жаңа маусымда Премьер-лигадағы орнын сақтап қалып,бірнеше жыл бұрын көрсеткен биік нәтижені қайталауды мақсат етіп жүр.

Тек қана ел чемпионы «Астананың» жағдайы тұрақты сияқты. «Астананың» спорт директоры Қайсар Бекеновтың мәлімдеуінше, клубтың жаңа маусымға бюджеті шамамен 40-50 миллион долларды құрайды. Сондай-ақ, команданы биыл Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығарған Станимир Стойловпен жаңа екіжылдық келісімшартқа қол қойылды. Бұған қоса, елордалық клубтың басшылығы Максимович, Кетевоама мен Твумаси секілді ойыншылардың трансферінен тағы да табыс табуы ықтимал. Қазірден бастап Стойлов жаңа ойыншыларды іздестіруде, жақында ғана Түркия құрамасының қорғаушысы Үміт Курт «Астанаға» ауысады деген ақпараттар шыққан болатын.

Жалпы, жаңа маусым өте қызықты болмақ. Бірақ бұл жолы да «Астанаға» төтеп бере алатын команда болмайтын сияқты…

Дайындаған: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или