Қайрат Сәтжанов: Әлем кубогы кезеңінің алдында жігіттердің дайындығы жоғары деңгейде

Қайрат Сәтжанов: Әлем кубогы кезеңінің алдында жігіттердің дайындығы жоғары деңгейде


30 маусым мен 7 шілде аралығында елордада бокстан World Boxing қолдауымен Әлем кубогының екінші кезеңі өтеді. Ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов Olympic.kz сайтына берген сұхбатында спортшылардың дайындығы туралы айтып берді.

Ұлттық құраманың дайындығы жайлы

Ия, біріккен оқу-жаттығу жиындары басталды. Дайындық 17-29 маусым аралығында Астанада өтеді. Жоспар бойынша жиынға 12 елден 71 спортшы қатысып жатыр. Алайда, барлық құрамалар толық келіп үлгермеді. Қазіргі уақытта АҚШ, Канада, Франция және Сербия командалары келді. Сонымен қатар Корея, Аустралия және Әзірбайжан құрамалары келуі керек. Таңертең әр құрама өзі бөлек дайындалады, ал түстен кейін біріккен оқу-жаттығу жиыны өтеді.

Ал жалпы, спортшыларымыздың дайындықтары жаман емес. Барлық боксшы үш дайындық кезеңінен өтті. Бұл жарыс алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиыны. Жігіттердің көңіл-күйі, дайындықтары өте жақсы.

Алдын ала жарыс тізіміне кімдер енді

Енді қазір ұлттық құраманың бірінші және екінші нөмірлі боксшылары оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Ал жарысқа бір ғана құрам қатысады. Негізі екі құраманы да қатыстыруды жоспарлаған едік, бірақ рұқсат берілген жоқ. 

Әзірге алдын ала құрамды жасақтадық. Бірақ, бір-екі салмақта спортшылар өзгеруі мүмкін. Өйткені, әр салмақта екі боксшы тіркеледі. 

Алдын ала жасақталған құрамға төмендегі боксшылар енді:

- 50 келі: Санжар Тәшкенбай

- 55 келі: Махмұд Сабырхан

- 60 келі: Серік Теміржанов

- 65 келі: Ертуған Зейнуллинов

- 70 келі: Абылайхан Жүсіпов

- 75 келі: Сабыржан Аққалықов

- 80 келі: Нұрбек Оралбай

- 85 келі: Бекзад Нұрдәулетов

- 90 келі: Сағындық Тоғамбай

- 90 келіден жоғары: Айбек Оралбай.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или