Әлібек Аяғанов: «8-ші қаңтар күні «Ертіспен» ОЖЖ-ға аттанамын»
<p style="text-align: justify;">
<strong>23-жастағы кереку футболының түлегі, «Ертіс» клубының ойыншысы Әлібек Аяғанов </strong><strong>«PROСПОРТ» тілшісіне Жаңа жылды қалай қарсы алғанын, алғашқы ОЖЖ-ға дайындықты айтып берді.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
- Жаңа жылдық демалысты отбасымның жанында, өз үйімде қарсы алдым. 8-ші қаңтар күні «Ертіс» командасымен бірге Түркияға алғашқы оқу-жаттығу жиынына ұшамын. Керекулік клубпен келісімшартым бар. Қай қалаға тоқтайтынымызды білмеймін, мүмкін, Кемер әлде Белек. Екі апта сонда болмақпыз. Денсаулығым жақсы. Жаңа маусымға өзім де ақырындап дайындықты бастап кеттім. 2016 жылғы маусымда туған командаммен жақсы жетістіктерге жетсек деймін. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или