Жауынның кесірінен «Дакардың» бірінші кезеңі өтпей қалды

«Дакар» ралли-рейдінің бірінші кезеңі бүгін түнде басталуы тиіс болатын. Алайда табиғаттың тосын мінезінен жарыс ұйымдастырушылары оны тоқтатуды ұйғарды – төпелеп тұрған нөсер жауын мен арнасынан тасыған өзендер марафон қатысушыларына қауіп туғызады.

Бұл туралы BNews.kz сайты мәлім етті. Astana Motorsports баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек,, жарыс кезінде қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, маршрутты бақылайтын тікұшақтар да әуеге көтеріле алмаған.

«Қазір барлық техника Вилья-Карлос-Пасқа бет алуда. «Дакардың» екінші кезеңі 4 қаңтар күні Аргентина аумағында Вилья-Карлос-Пас қаласынан Термас де Рио Хондоға дейінгі аралықта өтеді», - делінген хабарламада.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или