Махачевтің менеджері UFC-дегі Шавкат Рахмоновтың салмағындағы титулды жекпе-жектің мерзімін жария етті

UFC чемпионы Ислам Махачевтің америкалық ММА менеджері Али Абдель-Азиз ресейлік спортшы мен аустралиялық Джек Делла Маддалена арасындағы алдағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Букмекерлер Делла Маддалена мен Махачев жекпе-жегіне тең коэффициенттер ұсынып отыр. Тіпті Хабибтің өзі Исламға оңай болмайтынын айтты. Джек өте талантты, бірақ Ислам одан мықтырақ. Делла Маддалена және оған ұқсас жігіттер — UFC-дің болашағы.
Махачев жеңілген жағдайда жартылай орта салмақта қала ма? Бұл жерде бәрі қарапайым: Ислам жеңілмейді. Соңғы жылдары Махачев қарсыластарын жайпап келеді. Ол UFC тарихындағы ең ұлы файтер ретінде есімін қалдырады.
Махачев биыл 100 пайыз жекпе-жек өткізеді. Ол күніне екі рет жаттығады, сондықтан алдағы 3–4 айда айқасуға дайын болады», — деді Абдель-Азиз Submission Radio басылымына берген сұхбатында.