Қазақстандық жауынгерлер OCTAGON лигасының чемпионын анықтайды

Алдағы Еуразиялық жекпе-жек лигасы – Octagon 74 турнирінің басты шайқасының жауынгерлері анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
21 маусымда Алматыда кештің басты оқиғасында ең жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық белбеу үшін екі қазақстандық жауынгер – рейтингтің бірінші нөмірі Ерасыл Шукатаев (12-5) және рейтингте 5 орын да тұрған отандасы Асқар Жақсылықов (6-2) кездеседі.
Айта кетейік, 21 маусымда Алматыда OCTAGON 74 турнирі өтеді. Онда ауыр салмақта қазақстандық Константин Меркулов (5-4) пен ТМД аумағында танымал поп-ММА және ММА өкілі, ресейлік Даниял «Т-34» Эльбаевпен (11-5) үміткерлік жекпе-жек өтеді.
OCTAGON 74 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букемекерлік компаниясы
OCTAGON 74 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink