«Зенит» Әліпке бәсекелес болатын бразилиялық қорғаушыны сатып алуға ниетті

«Зенит» Әліпке бәсекелес болатын бразилиялық қорғаушыны сатып алуға ниетті


Санкт-Петербургтің «Зениті» бразилиялық «Фламенго» клубының қорғаушысы Уэсли Франсе үшін ұсыныс дайындап жатыр. Бұл туралы журналист Жулио Мигель Нету әлеуметтік желіде хабарлады.

Ақпарат көзінің мәліметінше, ресейлік клуб 21 жастағы ойыншы үшін 25 миллион еуро көлемінде кепілді сома ұсынбақ. Бонустарды қоса есептегенде бұл сома 30 миллион еуроға дейін өсуі мүмкін. Ал футболшыға бес жылдық келісімшарт ұсынылып отыр, жалақысы қазіргісінен екі есе көп болады.

Алайда «Фламенго» әзірге трансфер жайлы келіссөз жүргізгісі келмейді. Клуб басшылығы Уэслидің болашағы туралы шешімді клубтық әлем чемпионатынан кейін қарастыратынын жеткізген. Бұл турнир 15 маусымда басталады.

Айта кетейік, Уэсли Франсе «Фламенго» сапында 2023 жылдың қаңтарынан бері ойнап жүр. Қорғаушының клубпен келісімшарты 2028 жылдың соңына дейін жасалған. Transfermarkt порталы оның нарықтық бағасын 20 миллион еуро деп көрсеткен. Ал «Зенит» сапында қазір Қазақстан құрамасының капитаны Нұралы Әліп өнер көрсетіп жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или