Қайрат Нұрдәулетов: «Қазіргі мақсатым – жарақатымнан айығу»

Қызылордалық «Қайсар» клубының футболшысы Қайрат Нұрдәулетов 2016 жылғы жоспарларымен бөлісті.

BNews.kz сайтының мәлімдеуінше, футболдан Қазақстан құрамасы мен «Астана» ФК-ның бұрынғы капитаны үшін биылғы маусым сәтті болмады. Спортшы биыл аяғын жарақаттап алды.

«Қазіргі уақытта үйде бала-шағамның қасындамын. Аяғымда кішігірім жарақат бар, соны жазғаннан кейін ары қарай жоспар құрармын. Мен жарақатым жайлы ештеңе айта алмаймын, дәрігер емеспін. Өзімнің сезінуім бойынша, барлығы мамандар айтқандай болып жатыр. Енді тіземнің толығымен жазылғанын күтіп жүрмін. Барлығы ойдағыдай, мен дәрігерлердің берген барлық кеңесін орындап жатырмын. Процедуралар, жаттығу залдары, гимнастика мен массажға барып жүрмін. Сәуір айында толығымен жазыламын деп ойлаймын. Сәуір айында «Қайсар» клубында болсын, басқа клубта болсын, жалпы ойнаймын деп үміттенемін. Бірінші аяққа тік тұру керек, одан кейін көремін. Егер кімде кім мені өз командасында көргісі келсе, қарастырармыз», - деді Нұрдәулетов.

Футболшының айтуынша, биылғы жылы Қазақстан футболы жоғары нәтиже көрсетті.

«Астана» мен «Қайрат» клубтары футбол ойынының жоғары деңгейін көрсетті. «Астана» негізгі «сеткаға», топтық кезеңге өтті. Бұл бір жағынан жақсы, екінші жағынан үлкен жауапкершілік. Келесі жылы барлығы командалардан кем дегенде Еуропа лигасын күтетін болады. Жалпы футбол үшін бұл үлкен қадам. Себебі қазір көптеген адамдар футболға қызығушылық танытып отыр. Көбі футболға билет іздестіріп, хабарласып та жатады. Астанадағы ойынға Алматы, Тараз бен Шымкенттен көптеген адамдар келген болатын. Бұл футболдың үлкен жетістігі. Ал жеке өзім үшін маусым аса сәтті өте қойған жоқ. Бірнеше жарақат алдым, сәтсіз ойындар болды. Бұндай болып тұратын шығар, ештеңе етпейді. Мен 2016-шы жыл былтырғыдан сәтті өтеді деген сенімдемін»,- деді футболшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или