Гауфф «Ролан Гаррос» финалында жеңіске жетті

Гауфф «Ролан Гаррос» финалында жеңіске жетті


Америкадан шыққан Кори Гауфф Франция ашық чемпионатында топ жарды. 2025 жылғы финалда ол тағы да Арина Соболенкоға қарсы шықты. Бұл жолы жеңіс Гауффтың еншісіне бұйырды.

Үш сетке созылған шешуші матчта Гауфф 6:7 (5:7), 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ойын 2 сағат 40 минутқа жалғасты. Ол 3 эйс жасап, 8 рет қос қателікке бой алдырды және 21 мүмкіндіктің 9-ын брейкке айналдырды. Ал қарсыласы 2 эйс пен 6 қос қателік жасады, 13 брейк-пойнттың 6-ын іске асырды.

21 жастағы Кори осымен алғаш рет «Ролан Гаррос» жарысында топ жарды. Бұл – оның мансабындағы екінші «Үлкен дулыға» жеңісі. Бірінші рет ол 2023 жылы АҚШ ашық чемпионатында жеңіске жетіп, дәл сол Соболенконы ұтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или