«Алтай» клубы Карпович, Концедалов, Колодинді қатарына қоспақ

Өскемен қаласының «Восток» және семейдің «Спартак» командаларының бірігуінің нәтижесінде құрылған «Алтай» клубы биік белестерді бағындыруды көздеп отыр.

Оған дәлел, Бірінші Лигадағы алғашқы маусымында-ақ Премьер-Лиганың жолдамасына ие болу және құрамына тәжірибелі қазақстандық пен ресейлік футболшылардың келуі. Олардың ішінде еліміздегі беделді ойыншылардың бірі Андрей Карпович бар. fanatik.kz хабарлағандай,ммәскеулік «Динамоның» бұрынғы ойыншысымен келісім жүргізіліп қойған.

Сонымен қатар, ресейлік Денис Колодин мен Роман Концедалов жаңа құрылған «Алтай» клубына ауысуы әбден мүмкін. Колодин самараның «Крылья Советов» пен мәскеулік «Динамо» командаларында, ал Концедалов мәскеулік «Локомотив», «Спартак» (Нальчик) пен «Анжи» сапында өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или