Гранаткин мемориалы. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бүгін бақ сынайды.

Гранаткин мемориалы. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бүгін бақ сынайды.

1998 жылғы футболшылардан құралған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Санкт-Петербург қаласында оқу-жаттығу жиынын аяқтады.

Бүгін олар Валентин Гранаткинді еске алуға арналған халықаралық турнирде алғашқы ойынын Ресей футболшыларымен өткізеді. 10 күн ішінде Ойрат Сәдуов шәкірттері турнирге дайындық жүргізіп, екі жолдастық матч өткізді. Бірінші ойында қазақстандық футболшылар 0:3 есебімен Санкт-Петербург құрамасынан жеңілді. Ал, Жаңа жыл қарсаңында өткен екінші кездесуде «Зенит» клубының 1997 және 1998 жылғы футболшылардан құралған командасымен кездесіп, 2:3 есебімен есе жіберді. Қазақстандықтар сапынан Оралхан Өміртаев пен Ақмал Бақтияров гол соқты.

Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Ресей, Финляндия, Молдова және Эстония құрамаларымен ойнайды.

03 қаңтар. 19:45 Қазақстан – Ресей

06 қаңтар. 15:00 Финляндия – Қазақстан

08 қаңтар. 15:00 Қазақстан – Эстония

09 қаңтар. 15:00 Молдова – Қазақстан

МАтчтың басталуы Астана уақыты бойынша көрсетілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или