Қазақстанның бірінші ракеткасы «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шыққаны үшін қанша табыс тапты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, Франция ашық чемпионатының («Ролан Гаррос») финалында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ролан Гаррос» турнирінің финалына шыққаны үшін Данилина мен Крунич әрқайсысы 295 000 еуро сыйақы мен 1300 рейтингтік ұпай алады. Егер қазақстандық теннисші мен оның серіктесі чемпион атанса, олар 590 000 еуродан және 2000 ұпайдан еншілейді. Финалда Анна Данилина мен Александра Крунич италиялық теннисшілер Сара Эррани мен Жасмин Паолинимен кездеседі.
Айта кетейік, Данилина — жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы және қазіргі таңда WTA рейтингінде 17-орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или