Қазақстандық теннисші WTA live-рейтингінде көтерілді

Қазақстандық теннисші Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шыққаннан кейін жұптық сында WTA live-рейтингіндегі орнын жақсартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Франция ашық чемпионаты басталар алдында Данилина 17-орында тұрған болатын, ал қазір ол 9-орынға көтерілді — бұл оның карьерасындағы ең жоғары көрсеткіш (бұған дейінгі рекорды — 10-орын).
Еске салайық, «Ролан Гаррос» финалында Анна Данилина мен Александра Крунич италиялық Сара Эррани мен Жасмин Паолини дуэтімен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или