Ролан Гарростың қазіргі чемпионы финалға шықты

2025 жылғы 6 маусымда Франция ашық чемпионаты аясында ерлер арасындағы жекелей сында жартылай финалдық кездесулер өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші жартылай финалда италиялық Лоренцо Музетти испаниялық Карлос Алькарасқа қарсы ойнады. Алғашқы сетте италиялық спортшы сенсациялық түрде 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші партияда тай-брейкте жеңіске жеткен Алькарас есепті теңестірді. Ал үшінші сетте қарсыласын түбегейлі басымдықпен жеңді. Есеп Карлитостың пайдасына 2:0 болғанда Лоренцо матчты жалғастырудан бас тартты.
Финалда Карлос Алькарас әлемнің бірінші ракеткасы, тағы бір италиялық Янник Синнер мен «Үлкен дулыға» турнирлерінің 24 мәрте жеңімпазы сербиялық Новак Джокович арасындағы кездесудің жеңімпазымен күш сынасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или