Қазақстандық жас футболшыға сәтті ота жасалды

Қазақстан жастар құрамасы және Беларусьтің «Ислочь» командасы жартылай қорғаушысы Мирас Көбеевке жарақат алғаннан кейін сәтті ота жасалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мирас Көбеевке сәтті ота жасалды. Жартылай қорғаушының оңалту кезеңі басталады. Біз алаңға тезірек оралуды күтеміз, Мирас», - деп жазады «Ислочь» командасының баспасөз қызметі.
Биылғы Беларусь чемпионатында 20 жастағы Мирас Көбеев тоғыз матч өткізген «Ислочь» турнир кестесінде төртінші орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или