Қазақстанның үздік теннисшісі алдағы жоспарын бөлісті

Әлемдік рейтингте 62-орында тұрған қазақстандық теннисші Александр Бублик «Ролан Гаррос» – 2025 турниріндегі ойыны мен топ-20 қатарына оралу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бұған дейін де талай рет айтқанмын, енді ойынға деген көзқарасым өзгерді. Турнирге бірінші айналымда ұтылу үшін бармаймын. Биыл алты турнирде ойнадым, ең сәтті маусымым болды. Бұл рейтингіме де оң әсер етті: топ-50 қатарына оралдым, бұл – менің орным деп ойлаймын. Бұл тек бастамасы деп санаймын, енді топ-20 қатарына оралғым келеді», — деді Бублик баспасөз мәслихатында.
Еске салайық, «Ролан Гаррос» – 2025 турнирінде Александр Бублик ширек финалға дейін жетіп, әлемдік рейтингтің көшбасшысы Янник Синнерге 1:6, 5:7, 0:6 есебімен есе жіберді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или