Самородовтың клубы мамыр айындағы үздік ойыншыны атады

Самородовтың клубы мамыр айындағы үздік ойыншыны атады

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов «Ахматтың» мамыр айындағы үздік ойыншысы атағына өткен дауыс беруде екінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жинаған ұпайларды есептеу нәтижесінде ең көп балл Лечи Садулаевқа бұйырды — оның қоржынында 20 ұпай (ол төрт рет матчтың үздік ойыншысы атанған).

Екінші орын — Максим Самородов. Оның еншісінде алты ұпай (ол үш рет матчтан кейінгі сауалнамада үшінші орын алып, бір рет екінші орынға ие болған).

Үшінші орында — Вадим Ульянов, оның есебінде төрт ұпай (бір екінші және бір үшінші орын).

Осылайша, жанкүйерлердің пікірінше, «Ахматтың» мамыр айындағы үздік ойыншысы жартылай қорғаушы Лечи Садулаев деп танылды!», — делінген клуб хабарламасында.

Осы маусымда Самородов «Ахмат» сапында 32 матч өткізіп, сегіз гол соқты және төрт нәтижелі пас берді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или