Ломаченко мансабын аяқтады: «Ең үлкен жеңіс – ішкі адаммен күресу»

Ломаченко мансабын аяқтады: «Ең үлкен жеңіс – ішкі адаммен күресу»


Үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған украиналық боксшы Василий Ломаченко кәсіби мансабын аяқтағанын жариялады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жазбасында хабарлады.

«Әрбір спортшының өмірінде бір кездері қолғапты шегеге ілетін сәт туады. Біздің де тарихымызда сол күн келді. Аллаға, Иса Мәсіхке алғысым шексіз. Ол мені даңқты жолмен емес, дұрыс жолмен жетеледі. Шынайы мақсат – атақ емес, рухани жеңіс екенін түсіндім», – деді боксшы.

Ломаченко жеңістері мен жеңілістеріне, өмірдегі сабақтарға, әсіресе әкесінің тәлім-тәрбиесіне алғыс айтты. Оның айтуынша, әкесі тек жаттықтырушы емес, өзі үшін ең үлкен тұлғаға айналған.

«Отбасым әрдайым менің жанымда болды. Жеңістеріме шын қуанды, жеңілістерімде жаны ашыды. Бірақ сол сәттердің бәрі бізді мықтырақ етті», – деп жазды Ломаченко.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или