Футболдың нарығында Ямаль бірінші орында тұр

Футболдың нарығында Ямаль бірінші орында тұр


CIES халықаралық спорттық зерттеулер орталығы әлемдегі ең қымбат футболшылардың тізімін жариялады. Бұл жолы көш басында «Барселона» жартылай қорғаушысы Ламин Ямаль тұр. 17 жастағы ойыншының бағасы – 402,3 миллион еуро.

Екінші орынға «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд жайғасқан. Оның трансферлік құны – 239,6 миллион еуро. Ал үздік үштікті «Реал» сапындағы Джуд Беллингем түйіндеп тұр (233,8 миллион еуро).

Келесі орындарда: Килиан Мбаппе («Реал») – 192,5 млн, Джамал Мусиала («Бавария») – 154,8 млн, Педри («Барселона») – 143,7 млн, Винисиус («Реал») – 130,4 млн, Коул Палмер («Челси») – 126,5 млн, Хулиан Альварес («Атлетико») – 126 млн, Флориан Вирц («Байер») – 122,3 миллион еуро.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или