Жоао Паулоға Бразилияда ота жасалды

Жоао Паулоға Бразилияда ота жасалды

«Қайрат» шабуылшысы Жоао Пауло крест байламы үзіліп, Бразилияда сәтті ота жасады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Операция Наталдағы Сан-Рафаэл ауруханасында өтті. Операцияны дәрігерлер Освальдо Лара мен Родриго Брага жасады – бәрі жақсы өтті.

Енді Жоао Бразилияда оңалту кезеңін бастайды, одан кейін Қазақстанға оралып, клубтың медициналық қызметкерлерінің бақылауымен сауықтыруды жалғастырады.

Айта кетейік, бразилиялық шабуылшымыз көктемде ауыр жарақат алып қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или