Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шығу үшін бақ сынайды

Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шығу үшін бақ сынайды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Францияның Париж қаласында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Данилина турнирдің жұптық сынында сәтті өнер көрсетіп жатыр. Ол сербиялық Александра Круничпен бірге турнирдің ширек финалында бірінші нөмірлі жұп - чехиялық Катержина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсендті 7:5, 4:6, 6:2 есебімен жеңді.

Жартылай финалда Анна мен Александра Норвегия теннисшісі Ульрикке Эйкери және жапониялық Эри Ходзумимен кездеседі.

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или