Денис Евсеев Германиядағы турнирде әлемнің бұрынғы үздік ондығына кірген теннисшіні жеңді

Денис Евсеев Германиядағы турнирде әлемнің бұрынғы үздік ондығына кірген теннисшіні жеңді


Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Германияның Хайльбронн қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің 1/8 финалына жолдама алды.

Евсеев бұл кезеңге шығу үшін әлемнің бұрынғы үздік ондығына кірген испаниялық Пабло Карреньо Бустамен кездесіп, сенсациялық жеңіске жетті.

Матч екі сетке созылып, Евсеев екеуінде де 7:5 есебімен қарсыласынан басым түсті.

Енді 1/8 финалда қазақстандық теннисші Перу өкілі Игнасио Бусемен кездеседі.

Дереккөз: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или