Месси Сауд Арабиясы чемпионатына ауысуы ықтимал

«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси мансабын Сауд Арабиясында жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы Central do Arabao порталы журналист Саша Тавольериге сілтеме жасап хабарлады.
Мессидің әкесі қазір Сауд Арабиясының Қоғамдық инвестициялық қор өкілдерімен келіссөз жүргізіп жатыр. Аргентиналық футболшы АҚШ-тағы МЛС лигасының даму қарқынына көңілі толмай, өзге нұсқаларды қарастыра бастаған.
Бұған қоса, оған Таяу Шығыста спортпен қатар ауқымды жарнамалық жобаларға қатысу ұсынылып отыр. Қазіргі келісімшарты бойынша Месси «Интер Майами» сапында 2025 жылдың соңына дейін ойнайды. Осы маусымда ол 20 матч өткізіп, 15 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или