Шевченко Чехиядағы жарыста жергілікті теннисшіден басым түсті

Шевченко Чехиядағы жарыста жергілікті теннисшіден басым түсті


Қазақстанның екінші, әлемнің 103-ракеткасы Александр Шевченко Простеёв (Чехия) челленджер турнирінің 1/8 финалына жолдама алды.

Жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда рейтингіде 531-орында тұрған чехиялық, 18 жастағы Петрос Брунцликстің меселін қайырды. 

Бірінші партияда Шевченко тай-брейкте басымдылық танытты — 7:6 (7:4). Екінші сет оңайлау тиді — 6:2.

Сағат жарымға созылған матчта А.Шевченко 8 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Брунцликс 3 эйс, 1 брейкпен шектелді.

Александр Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 198-ракеткасы, испаниялық Алехандро Моро Каньяспен таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или