ПСЖ украиналық футболшыны қатарына қоспақ

«Борнмуттың» украиналық орталық қорғаушысы Илья Забарный париждік ПСЖ-ға ауысуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.
Француз журналисі Фабрис Хокинстің айтуынша, француз клубының спорттық директоры Луис Кампос дүйсенбіде Борнмутта болып, ағылшын клубымен және ойыншының өзімен келіссөздер жүргізген.
Забарныйдың өзі трансферге келісетіні, ал ПСЖ трансферді жабу үшін Борнмутпен мәселені тезірек шешкісі келетіні атап өтілді.
Осы маусымда 22 жастағы Илья Забарный «Борнмут» сапында Премьер-лигада 36 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген. Оның танымал Transfermarkt сайтындағы құны 42 миллион еуроға бағаланады.
ПСЖ өз кезегінде осы маусымда Чемпиондар лигасында топ жарды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или