Данило Сирино «Бурирам Юнайтед» клубында өнер көрсететін болады

Өткен жылғы маусымда «Ақтөбе» сапында өнер көрсеткен бразилиялық Данило Сирино Таиланд чемпионатына ауысты.

Бұл туралы футболшының өзі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді. Сириноның жаңа клубы «Бурирам Юнайтед» деп аталады.

«Кеш керемет өтті және жанкүйерлермен жақсы таныстық. Жаңа командамда бар күшімді салып ойнаймын және әрқайсыңызды стадионда көруге асықпын. Қолдауларыңызға рахмет!» - деп жазыпты Данило Instagram-дағы парақшасында.

29-жастағы футболшы «Ақтөбе» сапында 23 ойынға қатысып, 6 гол соққан болатын. Айта кетейік, Данило батысқазақстандық клубта айына 57 мың еуро көлемінде жалақы алып жүрген. Ал енді жаңа командасында ең көп дегенде 10-15 мың АҚШ долларын алатын болады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или