Алмас Төлібай Қазақстан құрамасына шақырылды

Алмас Төлібай Қазақстан құрамасына шақырылды

Алмас Төлібай Серікжан Мужиковтың орнына шақырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұлттық құрама сапында өзгеріс болды. Өткен турда жарақат алғанына байланысты Серікжан Мужиков алдағы ойындарға қатыса алмайды.

Оның орнына ұлттық құрама сапына «Елімайдың» жартылай қорғаушысы Алмас Төлібай қосылды.

Айта кетсек, бұдан бұрын осындай себептерге байланысты «Ақтөбе» қорғаушысы Әлібек Қасым, түркиялық «Бешикташ» клбының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов ұлттық құрамаға көмектесе алмайды. 

Ал Дастан Сәтпаев алдымен ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына қатысады. Одан кейін Қазақстан 21 жасқа дейінгі жастар құрамасына қосылып, 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Андорраға қарсы матчқа дайындалады.

Содан кейін Дастан қайтадан ұлттық құраманың сапына оралып, Солтүстік Македонияға қарсы кездесуге дайындықты жалғастырады.

Ұлттық құрама 5 маусымда Беларусьпен жолдастық кездесу өткізсе, 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі кезекті ойынында 9 маусымда Солтүстік Македониямен шеберлік байқасады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или