Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Ташкентте өткен турнирде жеті медаль алды

Ташкентте (Өзбекстан) үстел теннисінен WTT Youth Contender Tashkent 2025 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Аталмыш жарыста Қазақстан құрамасы жеті жүлдеге ие болды. Бұл туралы ҰОК жазды.
Бірінші орынды Алан Құрманғалиев (19 жасқа дейін), Абдулла Мамай мен Ноила Ханиязова (аралас жұптар, 19 жасқа дейін), сондай-ақ Аделя Алжанова (11 жасқа дейін) жеңіп алды.
Күміс жүлдені Назерке Болатбек (11 жасқа дейін) иеленді.
Дарья Гамова (19 жасқа дейін), Алексей Маркин (15 жасқа дейін) және Жәния Бекмұхамбетова (13 жасқа дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.
Дереккөз: inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или