Юрий Логвиненко «Ақтөбеден» кете ме?

Футболсүйер қауым «Ақтөбе» капитаны және Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Юрий Логвиненконы өте жақсы таниды. Сонау 2006 жылы балаң кезінен «Ақтөбенің» негізгі құрамынан орын алып, қазіргі таңда ұлттық құраманың ең беделді ойыншыларының біріне айналған Юрий Логвиненконы танымайтын қазақстандық жанкүйер кемде-кем, оның Петр Чехқа соққан үш голы қазақ жанкүйерлерінің тәтті түстей айтып жүретін әңгімесі екені рас.

Осыдан бір ай бұрын «Ақтөбе» жанкүйерлері команда капитаны Юрий Логвиненконың Ресейдің «Ростовына» ауысуы мүмкін деген әңгіме естіді. Бұл жаңалыққа жанкүйерлер сан-алуан көзқарас білдірді. Бірі капитан командада қалуы тиіс, ол ақтөбелік, қиын-қыстау кезеңде команданы тастап кетпеуі тиіс, ол сатқындық болып есептеледі деп жабырқау тартса, бірі Юра ел біріншілігі деңгейінен өскен ойыншы, ол әлдеқайда жоғары деңгейлі чемпионатта ойнауға лайықты десті. Шетелге барып ойнағым келеді деп Юра 2013 жылы өз сұхбатында ағынан жарылған-ды.

Екі пікірмен де келісуге болады, дегенмен мен Юраның жақын шетелге кеткені абзал деп байладым…

Себеп: Егер Юра жоғарыда аты аталған «Ростовта» негізгі құрамда ойнар болса, бұл Юра үшін үлкен мектеп болар еді, тек Юра үшін ғана емес-ау, қазақ елі үшін де зор мәртебе болары сөзсіз. Юраның ойыншы ретінде өсуіне Ресей футболы тым жақсы майдан болар ма еді. Шау тартып қалмаса да, отыздың о яқ, бұ яғына табан тіреген Юраның көздеген белесі мен мұндалап тұрғандай. Жерлесіміз Құрбан Бердыев баптайтын командалардың жаман болмайтынына көз жетті, оның үстіне «Ростов» осы қарқынынан таймаса, келер жылы еурокубокта ойнап қалуы да бек мүмкін. Айта берсе артықшылықтары толып жатыр. Тіпті Логвиненко «Ақтөбеде» қалғанының өзінде ол бюджетінің үштен бірі қысқарып, басты «дирижерлары» кеткен команданы жалғыз өзі ұшпаққа шығара алмас деп ойлаймын.. Демек онсыз да жастарға ғана иек артып ойнаймыз деп құлшынып тұрған команданы сол жастарға толтырып, Юраны жететін жеріне дейін шығарып салып, тілеуін тілеп отырған лазым, Юра да атының басын қоя бергені дұрыс.

Енді кетпеуі тиіс деген пікірлерді зерделесек… Командадағы деңгейі жоғары легионерлердің орнын жоқтатпайтын ойыншы болса, осы Логвиненко болар еді. Қиын-қыстау кезеңде Юра жастарды алға сүйреп, «Ақтөбенің» жеңімпаз рухын жас жеткіншектерге сіңіре алатынына күмәнім жоқ. Ақтөбелік жанкүйерлердің де көксегені капитанның құрамда қалып, команданы алға сүйрелесе деген тілек-тін. Юрадай тасқамал қорғаушыны еліміздің кез-келген командасы өз қатарынан көргісі келетіні анық, Юра тартысуға да батыл, шабысуға да жүйрік, нағыз сен тұр, мен атайын дейтін дәмелі «аттың» бірі. Алайда Ресейде Юра өзін қаншалықты ұсына алады, қаншалықты оны қажет қылады, гәп осында. Қалай дегенмен де Ресей премьер-лигасы Қазақстаннан бір бас, тіпті екі бас жоғары ғой. Барып алып, запаста отырып қалғаны ешқайсымызға да тиімді емес. Өз бабын жоғалтқаны ел құрамасы үшін де зор нұқсан. Былтыр 2014 жылы Ақтөбеге Красножанның нұсқауымен келген ұлттық құраманың көмекші бапкері Мұрат Ысқақов Қазақстанда Юраға жететін орталық қорғаушы жоқ, оның Қазақстан құрамасындағы орны күмәнсіз деген болатын. Демек шетелге барып деңгейін түсіріп алу қаупі жоқ емес.

Үшінші нұсқа.

Футбол агенттерінің қитұрқы әдіс-тәсілдерінің бірі, өз ойыншысын анда кетеді, мында кетеді деп дақпырт таратып, өз ойыншыларының бағасын сырттай өсіріп алады. Сондай қауесеттермен агенттер потенциалды клубтармен саудаласуға дайындықты бастайды. Юраның «Роставқа» кетеді дегені ҚПЛ ішіндегі агенттер ойыны болуы әбден мүмкін. Әліптің артын бағалық!

Қысқаша ақпарат

Юрий Анатоьевич Логвиненко, Азаматтығы: Қазақстан, Ақтөбелік, 22 маусым 1988 ж.т., Бойы 187, салмағы 77 кг, «Ақтөбедегі» алаңдағы орны сол жақ орталық қорғаушы, Қазақстан құрамасындағы орны: орталық қорғаушы, нөмірі: 23, Мансабы: 2006 жылдан бастап «Ақтөбе» ФК ойыншысы,

• 2007, 2008, 2009, 2013 жылдары Қазақстан чемпионы,

• 2008 жылғы Қазақстан кубогының иегері,

• 2008, 2010, 2014 – Қазақстан суперкубогының иегері,

• 2004 ж- Қазақстан-U17 2 ойын, Қазақстан U19- 3 ойын,

• 2008 ж – Қазақстан U21-7 ойын,

• 2008жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасында 34 ойын, 4 гол.

Юрий Логвиненконың «Ақтөбе» футбол клубындағы 2015 жылғы статистикасы:

• 33/38 ойын;

• 27 ойын премьер-лигада, 4 ойын Ел Кубогында, 2 ойын Еуропа Лигасында;

• 5 СҚ;

• 1 ҚҚ;

• 1 голдық пас;

• 15 жеңіс, 8 жеңіліс, 10 тең ойын;

• 3047 минут.

Sport.jas.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или