«Реалды» енді Алонсо жаттықтырады
Хаби Алонсо «Реал Мадридтің» бас бапкері атанды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қос тарап 2025 жылдың 1 маусымынан 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
43 жастағы испан маманы бұған дейін Германияның «Байер» клубын жаттықтырған. Одан бұрын ол «Реал Сосьедад» пен Мадридтің «Реалының» жүйесінде жұмыс істеген.
Алонсо бұл қызметке Карло Анчелоттидің орнына келді. Итальян бапкер 2021 жылдан бері «Реалды» басқарған еді. Қазір ол – Бразилия ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или