Қазақстандық теннисші бір күнде екі матчта жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Сербияның Куршумлия-Бане қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің жекелей сынында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/8 финалда Құламбаева түркиялық теннисші Айла Аксумен кездесіп, 6:2, 3:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Матч 1 сағат 58 минутқа созылды.
Ширек финалда Жібек мальталық Франческа Курмиге қарсы ойнайды.
Айта кетейік, Жібек Құламбаева бұл турнирдің жұптық сынында да сәтті өнер көрсетіп жатыр. Ол ұлыбританиялық Фрея Кристимен жұптасып, ширек финалда Кэти Макнэлли (АҚШ) мен Настасья Шунк (Германия) жұбымен кездесіп, жеңіске жетті — 6:4, 6:7, 15:13.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или