Олжас Абраев: «Келер жылы чемпионаттың форматы өзгермейді»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраев 2016 жылғы футбол маусымының форматы өзгеріске ұшырамайтынын айтты.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
– Келесі жылы да биылғы формат бойынша өткіземіз. Чемпионатқа 12 команда қатысады. Команда санын көбейту туралы әңгіме болған еді. Бірақ қазіргі экономикалық жағдайға байланысты премьер-лиганы дәл осы қалпында сақтап қалу маңызды деп ойлаймын. Премьер-лига, бірінші лига болсын, бастысы спорттық тұрғыда бәсекелестік қажет. Футболшылар жанкүйерлер үшін ойнайды. Стадион жиналған жанкүйер мен теледидар алдындағы көрерменге қызықты ойын көрсетуі керек, - дейді Олжам Абраев baq.kz сайтына берген сұхбатында.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или