«Астана» Жезқазғанда жеңіске жетіп, үздік үштікке кірді

«Астана» Жезқазғанда жеңіске жетіп, үздік үштікке кірді


Қазақстан Премьер-лигасының 9-туры аясында Жезқазғанда өткен кездесуде «Астана» жаңадан қосылған «Ұлытауды» 2:0 есебімен жеңді. Елордалықтар ойын тізгінін өз қолында ұстап, сырт алаңда сенімді үш ұпай еншіледі.

Кездесудің бірінші бөлігінде есеп ашылмады. Ал екінші таймда шабуыл нәтижесін берді: 72-минутта Николас Грипши гол соғып, командасын алға шығарса, қосылған уақыттың соңында Станислав Басманов есепті 2:0-ге жеткізді.

Бұл жеңістен кейін «Астана» ұпай санын 21-ге жеткізіп, турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. Ал маусымдағы алғашқы жеңісін әлі тіркей алмаған «Ұлытау» соңғы орында қалып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или