Қазақстандық теннисші Франциядағы турнирде жартылай финалға шыға алмады

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Францияның Бордо қаласында өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирде ширек финалдық матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/4 финалда Шевченко франциялық Джованни Мпетши Перрикармен (36-орын) кездесіп, 5:7, 5:7 есебімен жеңіліп қалды.
Матч 1 сағат 24 минутқа созылды.
Осылайша, Александр Шевченко жартылай финалға шыға алмай, Бордо турниріндегі өнерін аяқтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или