17 жастағы қазақстандық теннисші Италиядағы турнирдің финалында өнер көрсетеді

17 жастағы қазақстандық теннисші Италиядағы турнирдің финалында өнер көрсетеді

Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Әмір Омарханов жұптық сында Реджио Эмилия (Италия) ITF M25 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жас теннисші италиялық Александр Биндамен бірге үш кездесуін сәтті өткізді.

Алдымен 1/8 финалда корт иелері Стефано Д’Агостино – Микеле Рибечайды үш сетке созылған кездесуде ұтты – 6:1, 3:6, 10:4.

Омарханов – Бинда ширек финалда италиялықтар Лоренцо Бокки -Алессио Де Бернандисті жолдан тайдырды — 6:3, 6:3.

Жартылай финалда Әмір мен Александрға италиялық Федерико Яннакконе мен украиналық Георгий Кравченко да қарсы тұра алмады. Бұл ойын 6:3, 6:3 есебімен аяқталды. Бәсеке 1 сағат 16 минутқа созылды. 

Әмір Омарханов пен Александр Бинданың финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

Қазақстандық Жібек Құламбаева италиялық Николь Фосса-Уэргомен бірге Парма (Италия) челленджер жарысының финалына бір қадам жетпей тоқтады. Олар 1 сағат 48 минутқа созылған тартысты матчта чехиялықтар Джессика Малечкова – Мириам Шохқа жол берді – 4:6, 6:3, 9:11.

Қазақстанның екінші, әлемнің 97-ракеткасы Александр Шевченко Бордо (Франция) челленджер додасының ширек финалында рейтингіде 36-орындағы франциялық Джованни Мпетчи Перрикарға есе жіберді – 5:7, 5:7.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или