Италия турнирі: Әмір Омарханов жұптық сында жартылай финалға шықты

Қазақстанның үздік жасөспірімі Әмір Омарханов пен италиялық Александр Бинда Италияның Реджо Эмилия қаласында өтіп жатқан ITF M25 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/8 финалда қазақстандық-италиялық дуэт жергілікті Стефано Д'Агостино - Микеле Рибечай жұбын 6:1, 3:6, 10:4 есебімен ұтты.
Ал ширек финалда олар тағы бір италиялық жұп Лоренцо Бокки – Алессио Де Бернандисті 6:3, 6:3 есебімен жеңді.
Жартылай финалда Амир мен Александр италиялық Федерико Яннакконе мен украиналық Георгий Кравченкомен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или