Хаби Алонсо құрамды жаңартуды бастады
Карло Анчелотти кеткен соң, мадридтік «Реалдың» тізгінін ұстаған Хаби Алонсо команда құрамын жаңартуға кірісті. Клуб жаңа маусымда трансферге қомақты қаржы салуға дайын екенін аңғартты.
Танымал инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, «Реалдың» басты нысаналарының бірі – ағылшындық «Борнмут» және Испания құрамасының орталық қорғаушысы Дин Хейсен. Қазірдің өзінде клуб ойыншының агенттерімен байланыс орнатқан.
Дин Хейсеннің өзі де мансабын Мадридте жалғастыруды жөн санап отыр. Қос тарап арасындағы келіссөздер әлі бастапқы кезеңде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или