Бүгін, 14:34 Теннис Теннисші Зарина Диас Жапонияда өтіп жатқан турнирдің ширек финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Жапонияның Куруме қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті.
Ширек финалға шығу үшін өткен матчта Диас жапониялық Лиза-Мария Риуге қарсы ойнады.
Кездесу 6:1, 6:3 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.
Енді Заринаның келесі қарсыласы – тағы бір жапониялық теннисші Момоко Кобори болмақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или