«Эспаньол» — «Барселона». Барселона дербиінде чемпионат тағдыры шешіле ме?

«Эспаньол» — «Барселона». Барселона дербиінде чемпионат тағдыры шешіле ме?

15 мамырдан 16 мамырға қараған түні Испания чемпионатының 36-туры аясында Барселона дербиі  «Эспаньол» — «Барселона» матчы өтеді , - деп хабарлайды Prosports.kz.

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.

«Барселона» чемпион атануға жақын. Каталониялық клуб биыл кубоктан «алтын дубль» жасады. Требл жасауға да мүмкіндік бар еді, бірақ «Интерден» жеңіліп, УЕФА Чемпиондар лигасының финалына шыға алмады. Ал «Эспаньол» мұндай жетістігімен мақтана алмайды, қатарынан үш жеңіліске ұшырап, Ла Лигадан ұшып кету қаупі төніп тұр. Бірақ бұл бір ғасырға жуық тарихы бар дерби екенін ұмытпаған жөн – матч тартысқа толы болуы мүмкін.

Қос қарсылас арасындағы кейінгі бес кездесуде Ханс Фликтің шәкірттері айқын басымдыққа ие – 3 жеңіс және 2 тең ойын (екеуі де 2022 жылы). Биылғы Ла лига маусымының бірінші турында «Барса» сырт алаңда өте сенімді жеңіске жеткен – 3:1. Бірақ мұндай кездесуде күтпеген нәтиже тіркелуі мүмкін екенін ұмытпаған жөн.

Тағы бір маңызды жайт бар: «Барселона» қалалық дербиде жеңіске жетсе, мерзімінен бұрын Испания чемпионы атанады. 

«Эспаньол» дербиде жарақаты бар Брайан Оливансыз ойнайды. Бірақ өткен турға қатыспаған Маноло Гонсалес командаға қайта оралды. Ал «Барселонаға» сары қағаздар саны үшін шеттетілген Иньиго Мартинес көмектесе алмайды, сондай-ақ Дани Ольмо демалуы мүмкін. Марк Берналь мен Жюль Кунде жарақатынан айыққан жоқ. Бірақ қосалқы құрамда оларды алмастыра алатын ойыншылар жеткілікті.  

Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі бұл кездесуге мынадай коэффициент ұсынып отыр: «Барселонаның» жеңісі – 1.35, тең ойын – 5.40, «Эспаньолдың» жеңісі – 8.20. Сондай-ақ алаң иелері гол соғады деген бәске 1.59 коэффициент беріліп отыр. Өйткені «Эспаньол» кейінгі 9 матчта қатарынан гол соққан, ал «Барселона» осы қарсыласқа қарсы 3 матчта өз қақпасына гол өткізіп алған. Бұдан бөлек «Эспаньол» гол соғады, бірақ жеңбейді дегенге – 1.85 коэффициент ұсынылған. 

Матч Астана уақытымен 16 мамыр күні сағат 00:30-да басталады, ойын трансляциясын мына сілтеме арқылы көруге болады. 

Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или