«Реалдың» тағы бір ойыншысы жарақат алып қалды
«Реал Мадридтің» тағы бір ойыншысы жарақатына байланысты қатардан шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Күні кеше Винисиус тобығын, ал Лукас Васкес бұлшық етін жарақаттап алғаны белгілі болған еді. Бүгін мадридтік клубтың тағы бір ойыншысы жарақат алғаны белгілі болды. Ол бразилиялық вингер Родриго. Бүгінгі жаттығу кезінде футболшы дәрігерлер сүйемелдеуімен алаңнан кеткен.
«Реал Мадридтің» алдағы матчтарға қатыса алмайтын ойыншылар тізімі:
- Дани Карвахаль
- Эдер Милитао
- Эдуардо Камавинга
- Антонио Рюдигер
- Ферлан Менди
- Давид Алаба
- Винисиус Жуниор
- Лукас Васкес
- Родриго
- Орельен Тчуамени (сары қағаз)
Осыған байланысты аталған ойыншылар Ла Лига 36-туры аясында өтетін «Мальоркаға» қарсы матчқа қатыса алмайды. Матч 14 мамыр күні өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или